Конкурс өткізу мерзімін Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен соң белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 20 ғимарат (басқармалар үйі 3-қабаты).
Мекеменің мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 20 ғимарат.
Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары: Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс, автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); бизнес, басқару және құқық (экономика, құқықтану), сонымен қатар осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұйымдарында басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес қызмет атқарған болуы тиіс.
Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: Коммуналдық меншіктегі облыс көлеміндегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау, жыл бойына көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз, ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу. Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай білу, ұйымдастыру, бақылау.
Білуі керек: ҚР Конституция, ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, ҚР Еңбек кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, «Автомобиль жолдары туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдары және ҚР автомобиль жолдары саласының жұмысын реттейтін заңдық, нормативтік-құқықтық актілер, психология негіздері мен кадрлар менеджменті негіздерінде үйлестіру және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мекеменің қаржылық-құқықтық қызметтерінің мәселелерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен нормаларын білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттардың тізімі:
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала ы/а, 32 көше, 20 ғимарат (басқармалар үйі 3-қабаты).
Анықтама телефоны: 8(72533) 5-93-92.