Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 234 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 17 қазанда № 5220 болып тiркелдi
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 1 және 3-тармақтарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 151 "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3767 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетіне жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік, қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру" деген қосымшасында:
"Жалпы ережелер" деген тарауда:
1-тармақтағы "Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" деген сөздер "Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
- "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Облыс әкімі |
Ө.Шөкеев |
|
Қ.Қ.Айтмұхаметов |
|
|
М.Н.Отарбаев |
|
|
Ә.Е.Тұрғымбеков |
|
|
Е.Ә.Садыр |
|
|
Ж.Е.Аманбаев |
|
|
А.А.Абдуллаев |
|
|
М.И.Мырзалиев |
|
|
А.Б.Тасыбаев |
|