Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай - Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестеге сәйкес, «Жетісай ауданы әкімдігі дербес бөлімдерінде ағымдағы жылдың 05 сәуір – 21 мамыр аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аудан әкімдігі дербес бөлімдерінің қызметіне қатысты қандай да, бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2024 жылдың 14 мамыр күні «Жетісай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Жетісай ауданы Жетісай қаласы М.Ауезов көшесі №20 ғимаратының 2 қабат кіші мәжіліс залында өтетін ішкі талдау жұмыстарының қорытындысын талқылау жиынына шақырамыз.