Меню

Страницы

Статья

476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Осы бағыттағы шаралар аясында Түркістан қалалық емханасына жоспарлы тексеру жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, тексеру нәтижесінде емхана тарапынан қызмет алушылардың өтініштеріне негізсіз және жүйелі түрде бас тарту фактілері тіркелген.

Бұл «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының талаптарына қайшы келеді.

Қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызмет нәтижесі – медициналық ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған тіркелгені туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болуы тиіс.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға сәйкес, бас тарту жағдайында оның нақты себептері көрсетілуі міндетті.

Алайда, тексеру барысында аталған талаптардың сақталмағаны белгілі болды.

Мәселен, қызмет алушы 2026 жылғы 13 ақпанда eGov.kz порталы арқылы емханаға тіркелуге өтініш берген. Соған қарамастан, емхана тарапынан Қағидада көзделмеген негіздермен қызмет көрсетуден бас тартылған.

Порталда бас тарту себептері ретінде түрлі негіздер көрсетілгенімен, іс жүзінде өтініштердің басым бөлігіне «Ошибочный запрос» деген жалпылама жауап берілген. Мұндай тәсіл қызмет алушыларға бас тарту себептерін түсінуге және оларды жою арқылы қайта өтініш беруге мүмкіндік бермейді.

Жалпы, осындай заңбұзушылықтар 2025 жылы – 2931,
ал 2026 жылы – 476 өтініш бойынша орын алған.

Тексеру қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Ержан Нағызханұлы ҚАРЫМСАҚОВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Дата публикации
29 апреля 2026
Дата обновления
29 апреля 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

21 сентября 2026
44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Ақпарат
06 августа 2026
850 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
03 июля 2026
БАҚ үшін

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы