Жетісай ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы «Жетісай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №9 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының       23 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының                                                 2-тармағына сәйкес Жетісай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Жетісай ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 қарашадағы №9 «Жетісай ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4788 болып тіркелген, 2018 жылы 05 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің  қосымшасы осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Түркістан облысы «Жетісай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Райымбековке жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жетісай аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

______________ Қ.Темірбеков

2020 жылғы «      »__________

 

 

 

 

Ж. Бейсенбаев

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 02.12.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5925 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Туркестанской области - Руководитель отдла Нурбахыт Аскарович Егизбаев, 30.11.2020 10:48:24, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Департамент юстиции Туркестанской области - Руководитель Мухит Бекетович Тургараев, 30.11.2020 16:54:25, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Результаты подписания

«Жетісай ауданы әкімінің аппараты» ММ -  Ж. Бейсенбаев, 02.12.2020 11:21:17, ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесі

Дата публикации
07 декабря 2020