Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жетісай ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

1) елуден  жүз  адамға  дейін  –  жұмыскерлердің  тізімдік  санының  екі

пайызы мөлшерінде;

          2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі  жүз  елу  бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының

төрт пайызы мөлшерінде.

2.Жетісай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы №222 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4921 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 15 наурыздағы «Жаңа Жетісай» газетінде және 2019 жылы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

  1. "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

         1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

         2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Е.Жагазиевке жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        

 

Аудан әкімі                                                           Ж. Бейсенбаев

Дата публикации
26 ноября 2020