«Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, 2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.
Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар, 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін бөлімнің байланыс телефондары: 8-702-945-69-69 және электрондық пошта: zhetisay-ovp@mail.ru арқылы қабылданатынын хабарлайды.
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы
АҚПАРАТ
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Жоспарланған қаржы көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1. |
«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» |
1 000,0 |
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» №802 Жарлығы, ҚР Үкіметтінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 Ережесі |
Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүнитаным және адалдық, ашықтық қағидаттары артады, адал бәсекелестік дамиды, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас қалыптастыру |
|
2. |
Деструктивті діни ағым идеологиясы ықпалының алдын алу мақсатындағы көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру |
2 000,0 |
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы; - ҚР Қылмыстық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс; - ҚР Ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы |
- Халықтың діни сауатын арттыру; - Жастарды радикалды ағымдардан қорғау; - Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы қарсы насихатты күшейту |
Қоғамда радикалды діни идеологияның таралуының алдын алу, халықтың діни сауатын арттыру, дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау арқылы деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру |
|
3. |
Этностар арасында бірлік пен татулықты сақтауға бағытталған іс-шаралар мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру |
2000,0 |
Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық құрылымдары, этномәдени бірлестіктер, мәдениет және білім беру ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар. |
Жетісай ауданының тұрғындары, этномәдени бірлестік мүшелері, жастар мен оқушылар, қоғамдық ұйым өкілдері, мәдениет қызметкерлері. |
Ауданда этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту, өзара сыйластық пен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, этностар арасындағы ынтымақ пен бірлікті арттыру, тұрғындардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. |