Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 13 шілде Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 7597 азамат енгізілді, олардың 4673 дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кемелбек Көбей Мухамадинұлы – 429; Кадиркулов Муратбай Мусаевич –448; Юсупов Эркинбек Умерзакович – 3792; «Барлығына қарсы» – 3. Жарамсыз – 1; Жойылған – 3000;
1976 жылы туылған, Жетісай ауданы "Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Юсупов Эркинбек Умерзакович, Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Жетісай ауданы Ж.Ералиев ауылдық округінің тұрғыны, «АМАНАТ» партиясынан ұсынылған.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы