Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 13 шілде Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялардың Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жылы су ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 6773 азамат енгізілді, олардың 3468 дауыс берді.

        

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Алдешов Абзал Нышанбаевич – 2787; Байсенгиров Шокан Алмаханович – 336; Қазыханов Нұрбақыт Садықбекұлы – 342; «Барлығына қарсы» – 2. Жарамсыз – 1; Жойылған – 3373; 

 

1991 жылы туылған, Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі әкімінің орынбасары Алдешов Абзал Нышанбаевич, Жылы су ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округінің  тұрғыны, «АМАНАТ» партиясынан ұсынылған.

 

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
14 июля 2025