Жетісай ауданы әкімдігі дербес бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Жетісай ауданы 2025 жыл 21 сәуір - 04 маусым
Талданатын объект туралы мәлімет:
Жетісай ауданы әкімі аппараты.
Жетісай ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері:
Талдаудың негізі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8 бабының 2 тармағына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Жетісай ауданы әкімінің 2025 жылғы 08 сәуір №24-ө/нқ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 21 сәуір - 04 маусым.
Талдау жүргізу кезеңі: 2024 жыл мен 2025 жылдың 4 айы.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау барысында, «Жетісай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Ұлы Отан» соғысының қатысушыларына және оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлік жастағыларға мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, мекеме шипажайларға жолдаманы қолма–қол беріледі.
Сондықтан, аталған жолдаманы беру және жолдамаға тиісті құжаттарды және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тиісті базалармен салыстыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жатады деп санаймыз.
Ұсыныс: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізіліміне енгізу қажет.
Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша нормативтік құқықтық актілермен реттелмейтін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енбегендіктен қызмет көрсету электронды жүйе арқылы іске асыру мүмкін болмай, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік мекемеге тікелей бару арқылы қызмет түрін пайдалана алады.
Жоғарыда аталған қызмет түрі нормативтік құқықтық актілермен реттелмейтін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енбегендіктен сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруға бейім қызмет түрі болып есептеледі.
Ұсыныс: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізіліміне енгізу қажет.
Талдау барысында, «Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі қатысты спорттық іс-шараларды өткізу барысында немесе спорттық жарысқа баратын кезде спорт бөлімдегі мемлекеттік қызметкердің атынан корпоративтік счет ашылып, сол арқылы іссапар шығындары өтеледі. Бекітілген облыстық жарыстарға спортшыларды апару барысында бөлімнің қызметкері өкіл ретінде барып, спортшылардың іссапар шығындарын көтереді. Осы тұста, іссапарға бөлінген қаражат үшінші тұлғаға қолжетімді болады, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол ашылуы мүмкін және жауапты маманның іссапар шығыны мекеме бюджетіне қосымша шығын болмақ.
Ұсыныс: Бөлім басшысы спорттық жарысқа баратын кезде іс-сапар шығындарын спорт бөліміндегі мемлекеттік қызметкердің атынан төлемеу және бюджет шығындарын қатаң бақылауда ұстау.
«Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі 2024 жылы 68-ауылдық округ әкімінің шешімі қабылданған, оның ішінде, елді мекен шегінде жер учаскесін бөлуге қатысты қабылданған ауыл әкімінің кейбір шешімдерінде кемшіліктер орын алған.
Атап көрсеткенде 2024 жылы қабылданған шешімдерде;
ҚР Жер кодекінің 50-бабының 2-тармағына сәйкес және 48-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 га, ал өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргізу үшін – 0,15 га беріледі.
Алайда, ауыл әкімінің 11.01.2024ж. №2 шешімімен Х.Нурабаеваға тұрғын үй және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін - 0,1150 ш.м жер берілген.
Ұсыныс: Округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің ҚР Жер кодексі және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту өткізу.
Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 22.05.2024ж. №40 санды шешімімен, азамат Б.Дуйсенбековтың 22.05.2024ж. жазған өтінішіне сәйкес, бұрыңғы Ынтымақ ауылдық округі әкімінің 1994 жылғы 28 маусымдағы №17 санды шешіміндегі «өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін өмір бойы мұраға» деген сөздерді «тұрғын үй құрылыс және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жеке меншік құқығымен» деген сөздермен өзгертіліп, толықтырып берілген.
Алайда, Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 1994 жылғы 28 маусымдағы №17 санды шешімі уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуден өтпеген және жер теліміне жеке меншік құқығы туындамаған.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-бабынының 1-тармағыда, жер учаскесін табыстау кезінде ауылдық округтің әкімдері елді мекен аумағының бекітілген бас жоспарларының не орналасу схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс деп көрсетілген.
Сондай-ақ, ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 7-бабында мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы көрсетілген. Онда, егер осы заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды деп көрсетілген.
Осы жоғарыдағы заң нормалары сақталмаған және жер учаскесін жеке меншік құқығымен берілетіндей тұрғын үй құрылысы салынбаған (оның ішінде техникалық төлқұжат, объектіні пайдалануға қабылдау актісі және өзіндік шаруашылыққа берілген жер учаскесіне тұрғын үй құрылысын салуға болатындығы жөнінде Бас жоспармен келісілген уәкілетті органның сызбасы) ұсынбағандығына қарамастан, ауылдық округ әкімі жер учаскесін жеке меншік құқығымен негізсіз табыстаған.
«Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы өтініш берген арқылы Ж.Мырзамуратов болса да, азаматша Ш.Кумарбековаға 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №97 жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім ұсынылған.
Ұсыныс: Округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің ҚР Жер кодексі және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту өткізу.
«Атамекен ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі 2024 жылы 70-ауыл әкімінің шешімі қабылданған.
Оның ішінде, елді мекен шегінде жер учаскесін бөлуге қатысты қабылданған ауыл әкімінің кейбір шешімдерінде кемшіліктер орын алған.
-жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы;
-жер учаскесінің орналасқан жері;
- осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
-жер санаты;
-жер учаскесiнiң алаңы;
-жерге құқық түрi, ауыртпалықтар, сервитуттар;
-жер учаскесiн уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу мерзiмдерi;
-жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер;
-жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер.
Алайда, ауыл әкімінің 09.02.2024ж. №1, 10.01.2024ж. №2, 25.01.2024ж. №3 шешімдерінде, құқық берілген жерге қатысты ауыртпалықтар мен сервитуттар және жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер талаптар мүлдем қамтылмаған.
Ұсыныс: Округ әкімі тарапынан жерге қатысты актілерді қабылдау барысында олардың заңдылығына және дәлелдеме құжаттардың түгелдігін қадағалау.
2) Атамекен ауылдық округі әкімінің атына азамат Х.Егембердиев 01.03.2024 жылы жазған (ауыл әкімі аппаратына тіркелген кіріс 01.03.2024ж №28) санды өтінішіне сәйкес, Атамекен ауылдық округі әкімі 11.03.2024ж. №10 санды шешіммен, Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасаған комиссиясының 25.03.2007 жылғы №10-1200 шешіміне өзгерістер енгізіп, аты-жөнін толықтырып беруді сұраған.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» №689 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданының рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау жөнінде аудан әкімдігінің жанынан комиссиясы құрылған.
Осы Ереженің 5-тармағында, комиссияға рәсімделмеген мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталып, 2007 жылғы 1 тамызда аяқталып, комиссия өз қызметін тоқтатқан.
Бұл ретте, Мақтарал ауданының рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау комиссияның шешіміне өзгерістер енгізу мен түзетуге Атамекен ауылдық округі әкіміне құзірет берілмеген.
Ұсыныс: Округ әкімі тек өзінің құзыреті аясында актілер қабылдау қажеттігін назарға алу.
3) ҚР Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағында, облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергiлiктi атқарушы органының, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады деп көрсетілген.
Бұл ретте, аз.С.Кулсейтовтың жер учаскесіне қатысты уәкілетті органмен 16.09.2024ж. №KZ46VBG01467694 санды жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық шыққанына қарамастан, Атамекен ауылдық округінің әкімі 03.10.2024ж. №49 санды шешімін қабылдап, қағиданың 1-жұмыс күні ішінде қабылданады делінген талабын бұзып, 11 жұмыс күн кешіктіріп қабылдаған.
Ұсыныс: Округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің ҚР Жер кодексі және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту өткізу.
«Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі 2024 жылы 147-ауыл әкімінің шешімі қабылдаған.
Оның ішінде, елді мекен шегінде жер учаскесін бөлуге қатысты қабылданған ауыл әкімінің кейбір шешімдерінде кемшіліктер орын алған.
Атап көрсеткенде 2024 жылы қабылданған шешімдерде;
1) Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің 19.03.2024ж. №26 санды шешімімен, Жаңа ауыл ауылдық округі, Мырзашөл елді мекенінде орналасқан тұрғын үй мен жер телімі Интернационал селолық округі әкімінің 1994 жылғы 28 маусымдағы №17 санды шешімі негізінде Махимов Сағатбек Қожабекұлына жеке меншік құқығымен табысталған.
Алайда, Интернационал селолық округі әкімінің 1994 жылғы 28 маусымдағы №17 санды шешімі уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуден өтпеген және жер теліміне меншік құқығы туындамаған.
Өз кезегінде, ҚР Азаматтық кодексінің 118-бабының 1-тармағына сәйкес, жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 7-бабында мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы көрсетілген. Онда, егер осы заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды деп көрсетілген.
Осы жоғарыдағы заң нормалары сақталмағандығына және жер учаскесінде тұрғын үй құрылысын салынып, пайдалануда екендігін дәлелдейтін бірде бір құжат (оның ішінде техникалық төлқұжат, объектіні қабылдау акті) ұсынбағандығына қарамастан, ауыл әкімі жер учаскесін жеке меншік құқығымен негізсіз табыстаған.
Сол секілді, аталған кемшіліктер ауыл әкімінің 20.03.2024ж.№31, 26.04.2024ж. №50, 25.09.2024ж. №109, 01.10.2024ж. №112, 24.12.2024ж. №147 санды шешімінде де орын алған.
Ұсыныс: Округ әкімі актілерді қабылдау барысында олардың заңдылығына және дәлелдеме құжаттарды негізге ала отырып қабылдау.
2) ҚР Жер кодексінің 43-бабының 7-тармағында, облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта), ауданның жергiлiктi атқарушы органының, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң жер учаскесiне құқық беру туралы шешiмi бекітілген жерге орналастыру жобасы және жер комиссиясының оң қорытындысы келiп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады деп көрсетілген.
Бұл ретте, аз.А.Муратовтың жер учаскесіне қатысты уәкілетті органмен 24.10.2024ж. №KZ52VDG01488535 санды жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық қабылданғандығына қарамастан, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі 29.10.2024ж. №821 санды шешімін қабылдап, қағиданың 1-жұмыс күні ішінде қабылданады делінген талабы сақталмаған.
Сол секілді, 2025 жылы ауыл әкімімен қабылданған 20.01.2025. №03, 13.03.2025ж. №14 шешімі (15-жұмыс күн кешігіп), ал 04.04.2025ж. №17 шешімі (10-жұмыс күн кешігіп) жерге орналастыру жобасы бекітілгеннен кейін қабылданып, кемшіліктер орын алған және не себепті кемішілік орын алғандығы туралы дәлелдеме іс құжаттары тіркелмеген.
Ұсыныс: Округ әкімі тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құжаттарды рәсімдеу барысында мерзіміне және дәлелдеме құжаттардың түгелдігін қадағалау.
3) Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің атына азамат Б.Б.Сайфуллаев 04.04.2024 жылы жазған (ауыл әкімі аппаратына тіркелген кіріс 04.04.2024ж №45) санды өтінішінде, Мақтарал ауданының рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасаған комиссиясының 12.02.2007 жылғы №3-384 шешіміне өзгерістер енгізіп, аты-жөнін толықтырып беруді сұраған.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі «Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» №689 қаулысына сәйкес, Мақтарал ауданының рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау жөнінде аудан әкімдігінің жанынан комиссиясы құрылған.
Осы Ереженің 5-тармағында, комиссияға рәсімделмеген мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталып, 2007 жылғы 1 тамызда аяқталып, комиссия өз қызметін тоқтатқан.
Бұл ретте, Мақтарал ауданының рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау комиссияның шешіміне өзгерістер енгізу мен түзетуге Жаңа ауыл ауылдық округі әкіміне құзірет берілмеген.
Осыған қарамастан, Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі жоғарыдағы заң номаларын елеместен, ауыл әкімінің 08.04.2024 жылғы «Шешімге өзгерістер енгізу мен толықтырулар енгізу туралы» №45 санды шешімді қабылдай отырып, азамат Сайфуллаев Бахтияр Батыровичке қатысты берілген Мақтарал ауданының рәсімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау комиссияның 12.02.2007ж. №3/384 санды шешімінің бірінші тармағындағы «тұрғын үй» деген сөздерді «жеке тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргіу үшін жеке меншік құқғымен берілсін» деген сөздермен өзгертіліп оқылсын деп заңсыз шешім қабылдаған.
Сол секілді, ауыл әкімінің 08.04.2024 жылғы №47 санды шешімінде де аталған заңсыздықтар орын алған.
Ұсыныс: Округ әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік қызметшілердің ҚР Жер кодексі және басқа да нормативтік құқықтық актілер бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы құқықтық оқыту өткізу.
|
Жұмысшы топ мүшелері: |
|
|
|
Аудан әкімі аппаратының басшысы:
|
|
Е.Алданиязов |
|
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр бөлімінің) бөлімінің басшысы:
|
|
Е.Тоимов |
|
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің басшысы:
|
|
А.Есенбеков |
|
Аудан әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы;
|
|
А.Алдабергенов |
|
Аудан әкімі аппаратының ақпараттандыру, мемлекеттік құпияларды қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы;
|
|
Ғ.Жорабеков |
|
Аудан әкімі апратының заң бөлімінің басшысы;
|
|
Н.Егізбаев |