Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы мәжілісінің

 

Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы мәжілісінің

№ 2 ХАТТАМАСЫ

Жетісай қаласы

 

09.06.2025 ж.

Төрағалық етуші:

Жетісай ауданының әкімі С.Ү.Мамытов

 

       Қатысқандар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтер әкімдері /тізім бойынша/

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан ұзаққа созылған құрылыс нысандары және инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы.
    • Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы М.Абишевтің баяндамасы назарға алынсын.

Орындау мерзімі: Тұрақты.

/Жауаптылар: Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі /

 

  1. 2. Ауданның ішкі саясат бөлімі тарапынан Сыбайлас жемқорлықтың мәдениетін қалыптастыру бағытында және ішкі талдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

2.1. Ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташеваның баяндамасы назарға алынсын.

2.2. 2024-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруға бөлінген қаржы бойынша атқарылған жұмыстарына есеп берілсін.

Орындау мерзімі: Тұрақты.

/Жауаптылар: Ауданның ішкі саясат бөлімі/

 

  1. Қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы.

3.1. Қазыбек би ауылдық округінің әкімі Н.Мутаевтың баяндамасы назарға алынсын.

3.2. Мекеме қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары күшейтілсін.

Орындау мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.

/Жауаптылар: Қала, кент және ауылдық округтер әкімдері/

 

3.3. Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан кездесулерге тұрғындардың мейілінше көп қатысуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілерге хабарламалар кеңінен орналастырылсын.

Орындау мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.

/Жауаптылар: Ауданның ішкі саясат бөлімі, қала, кент пен ауылдық округтер әкімдері/

 

  1. Космиссия хатшысы Б.Шералиевтің баяндамасы назарға алынсын.

         4.1. Жетісай ауданы бойынша 2025 жылдың 4 маусымына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері және қала, кент мен ауылдық округ әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының, бөлімге бағынысты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорылақтың алдын алу  бойынша атқарылған жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бақылауға алынсын.

Орындау мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.

/Жауаптылар: Ауданның дербес бөлімдері, қала, кент және ауылдық округтер әкімдері/

 

Хаттамалық тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау аудан әкімінің аппаратының заң бөліміне жүктелсін.

     

 

 

Аудан әкімі

 

С.Мамытов

 

Хатшы

 

Б.Шералиев

 

 

    

          

Дата публикации
10 июля 2025