№ 2 ХАТТАМАСЫ
|
Жетісай қаласы
|
09.06.2025 ж. |
|
Төрағалық етуші: |
Жетісай ауданының әкімі С.Ү.Мамытов
|
Қатысқандар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтер әкімдері /тізім бойынша/
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Орындау мерзімі: Тұрақты.
/Жауаптылар: Ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі /
2.1. Ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташеваның баяндамасы назарға алынсын.
2.2. 2024-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыруға бөлінген қаржы бойынша атқарылған жұмыстарына есеп берілсін.
Орындау мерзімі: Тұрақты.
/Жауаптылар: Ауданның ішкі саясат бөлімі/
3.1. Қазыбек би ауылдық округінің әкімі Н.Мутаевтың баяндамасы назарға алынсын.
3.2. Мекеме қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары күшейтілсін.
Орындау мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.
/Жауаптылар: Қала, кент және ауылдық округтер әкімдері/
3.3. Аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан кездесулерге тұрғындардың мейілінше көп қатысуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік желілерге хабарламалар кеңінен орналастырылсын.
Орындау мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.
/Жауаптылар: Ауданның ішкі саясат бөлімі, қала, кент пен ауылдық округтер әкімдері/
4.1. Жетісай ауданы бойынша 2025 жылдың 4 маусымына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері және қала, кент мен ауылдық округ әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының, бөлімге бағынысты мекеме басшыларының сыбайлас жемқорылақтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бақылауға алынсын.
Орындау мерзімі: 2025 жылдың соңына дейін.
/Жауаптылар: Ауданның дербес бөлімдері, қала, кент және ауылдық округтер әкімдері/
Хаттамалық тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау аудан әкімінің аппаратының заң бөліміне жүктелсін.
|
Аудан әкімі
|
С.Мамытов
|
|
Хатшы
|
Б.Шералиев
|