«Жетісай ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Жетісай ауданы әкімдігінің қаулы жобасы және Жетісай аудандық мәслихат шешімінің жобасы

«Жетісай ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Жетісай ауданы әкімдігінің қаулы жобасы және Жетісай аудандық мәслихат шешімінің жобасы

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

№

Түсіндірме жазбада қамтылатын мәліметтердің тізімі

Әзірлеуші мемлекеттік органның мәліметі

1.       

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі

2.       

Актіні қабылдау қажеттілігінің негізі

«Жайылымдар туралы»  2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес

3.       

Акті қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық болжамды нәтижелері

Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

4.       

Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындарының болжамы

Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындары қажет етілмейді

5.       

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығындарының азаюы немесе ұлғаюы

Нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субьектілері шығындарының азаюына немесе ұлғаюына әкеліп соқпайды 

6.       

Жобаны қабылдау болжамды тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттары

Жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау.

7.       

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Жетісай ауданы әкімдігінің актілері және оның іске асыру нәтижелері

Жоқ

8.       

Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігі

Қажет емес

9.       

Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б.)

Қажет емес

10.   

Басқа мәліметтер

 

 

 

 

Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы

мен жер қатынастары бөлімінің басшысының у.м.а                                    Е.Тургумбаев

Дата публикации
17 июня 2025