Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 1 ҚАУЛЫСЫ
Жетісай қаласы 2025 жылғы 4 маусым
Жетісай ауданының Ж.Ералиев,
Жылысу ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2025 жылғы 13 шілдеге Ж.Ералиев, Жылысу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталсын.
- 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Ж.Ералиев, Жылысу ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.
Төраға Б.Сериков
Хатшы Д.Сейдикеримова