Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1 |
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі |
Көше атауын өзгертуге қажетті құжаттар және тәртібі қандай? |
-Атау беруде құқықтық нормативтік құжаттар басшылыққа алынады. Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары негізінде іске асады.
|
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ономастика жұмысының критерийлері:
Көше атауын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес, тарихи атауларды жаңғырту мақсатында идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанатын атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, сондай-ақ, кісі аттарына мейлінше шектеу қойылғандықтан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері әзірленіп, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісіліп, жұмыс барысында басшылыққа алынады. |
ҚР «Тіл туралы Заңы», «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне (көшелерге) атау беру, обьектілерге атау беру, жалпы атаулардың транскрипциясын нақтылау, өзгерту және қайта атау туралы ҚР Үкіметінің қаулылары |
Көше атауын өзгерту
Көшеге кісі есімін беру |
|
2 |
Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімі |
Тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігі? |
Kezekte.kz порталы арқылы тұрады. |
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін бірнеше қадамды орындау қажет.
|
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары» 71-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу
|
Кезекке қою, кезек бойынша тұрғын үй беру |
|
3 |
Жетісай ауданының кәсіпкерлік бөлімі |
Кәсіпкерлікті қолдауға жеңілдетілген несиені алу үшін не қажет ? |
Қазақстан Республикасында жеңілдетілген несие алу үшін банктерде ұсынылатын талаптарға сай болуы қажет. Алайда Республика аумағындағы аудандарда орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге болады.
|
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдауға несиені рәсімдеу үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілі бір талаптарға сай болу қажет. Бұл процесті реттейтін негізгі қадамдар мен ережелер: Бизнес-жоспар әзірлеу. Онда жобаны іске қосу және дамыту шығындары, барлық кірістер мен алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін жоспарлаған шаруаларыңызды түгел жазып көрсету. Бұл – өтініш берушінің қаншалықты дамуға мүмкіндігі бар екенін және шығындардың кіріс боп қайтар уақытын бағалау үшін қажет. Несие шарттары. Өтінім беруші шарттармен танысып, өзіне ыңғайлы бағдарлама таңдай алады. Артық төлем мөлшері қанша, жоспарлы және мерзімінен бұрын өтеу шарттары қандай, төлем уақыты бұзылған жағдайда айыппұл қалай есептелетініне назар аударуы қажет. Қорытынды. Аталған құжаттарды жинап, қаржы ұйымына несие алуға өтінім беруге болады. Несиені мақұлдаған кезде несие шартына қол қойып және жобаңы дамытуға қаражат салады. |
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы заңы
"Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 1 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы №270 қаулысымен бекітілген. |
Шағын кәсіпкерлікті ашу; Жеңілдетілген несие рәсімдеу |
|
4 |
Жетісай ауданының экономика және қаржы бөлімі |
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына кімдер қатыса алады? |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. |
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатыса алады. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы |
Әлеуметтік қолдау |