Жетісай ауданының 2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

Айлық есептік көрсеткіш:  2019 жылы – 2 525 теңге, 2020 жылы – 2 778 теңге және 2021 жылы – 2784 теңге және 2022 жылы-2895 (АЕК) .

 Ауданның бюджетіне түсімдер мен шығыстары .

Ауданның  бюджеті 2020-2022 жылдарға арналған болжамды аудандық бюджеттік параметрлеріне сәйкес жинақталған.

                                                          Түсімдер

         Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджет табыстарының болжамды көлемін құрастыру кезінде ауданның 2019  жылғы аудандық бюджет табыстарын орындау туралы есеп беру мәліметтерімен Келес ауданына тиісті табыстардын көрсеткіштері есептен алынып ескерілді.

Аудандық бюджет табысының болжамы бойынша  (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2020 жылға 2 043 137 мың теңге сомасында белгіленді. Аудандық бюджеттің табысының болжамы (трансферттердің түсуін есептемегенде) 2021 жылға 1 746 278 мың теңге сомасында белгіленді, 2022 жылға  - 1 816 392 мың теңге.  

Ауданның бюджетіне Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген  2020 жылға облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенция көлемі толық түрде белгіленген және қаржылық жыл бойы  өзгертуге енгізілмейді және 22 637 978 мың теңге, 2021 жылға жоспарлануы 23 806 451 мың теңге, 2022 жылға 23 797 303 мың  теңге сомасын құрайды.

Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінде облыстық және республикалық  бюджеттен мақсатты трансферттердің түсімдерінен 2020 жылға 20 046 971,0 мың  теңге сомасында, 2021 жылға 588 298,0 мың теңге сомасында, 2022  жылға 839 029,0 мың теңге сомасында қалыптасты.   

Жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын шектеу мақсатында, 2020 жылға  халық саны 2000-нан адамнан астам  ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджеттері бекітіледі, олардың санатына Жетісай қаласы, Асықата кенті, Жаңа ауыл, Жылы су, Қарақай, Қазыбек би, Абай, Атамекен, Ж.Ералиев, Ш.Ділдабеков, Мақталы, Қызылқұм, Ынтымақ, ауылдық округ әкімдіктері.

 Қала, кент және он бір ауылдық округ бюджеттер деректері ағымдағы жылғы нақты салық түсімдерінен қалыптасты, олардың көлем құны            210 836 мың теңге және аудан бюджетінен берілетін трансферттердің сомасы 188 526,0 мың теңге, бұл ретте бюджеттің шығыс бөлігінің есептелген сомасы 4 917 505 мың теңге. Ауылдық бюджетті қамтамасыз ету деңгейін теңестіру аудандық бюджеттен бөлінген субвенция мөлшері 4 452 622 мың теңгені құрады.

 

2020 жылғы аудандық бюджет 4-ші деңгейлі бюджет деректерін есепке алмай әзірленген.

Дата публикации
28 октября 2020