2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған, шығып қалған Жетісай аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2025 жылғы 29 қаңтардағы

№110 қаулысына қосымша

 

2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған,

Жетісай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың

орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының сайлауын тағайындау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 29 қаңтар

 

                                                   (14- б. 2-3) т., 101-б. 3-1-т.)

 

2. Сайлау күні туралы хабарды жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 29 қаңтар

                                                                      (101-б. 6-т.)

 

3. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 8 ақпаннан кешіктірмей

 (22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

4. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 8 ақпаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан (қала) әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 13 ақпаннан кешіктірмей

                                                                               (23-б. 5-т.)

 

6. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 13 ақпаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

 

7. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

29 қаңтарда басталады және 28 ақпанда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады

 

 (103-б.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні)

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

29 қаңтарда басталады және 5 наурызда  жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады

   

                                                                                 (104-б)

 

11. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

12. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                           (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

13. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

14. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                            (104-б. 2-т.)

 

15. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін (жүгінген кезде)

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

16. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 Қағиданың 23-т

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылғы 5 наурызға дейін   

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

5 наурызда жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағаттан кейін басталады және 2025 жылғы 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша 00.00 сағатта аяқталады

 

 (27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Жергілікті атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                  

 

Аудан (қала) әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 10 наурыз

 (26-1 б. 1-т.)

 

21. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2025 жылғы 15 наурыздан бастап

                                                                     (26-б. 1-т.)

 

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                          

 

 

 

 

 

 

                                           

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 20 наурызға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

 

23. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс берудің бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей,

2025 жылғы 20 наурызға дейін

                                                                (38-б. 1-т., 3-т.)

 

24.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

 

 

 

 

 

 

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 27 наурыздан ерте емес және 29 наурыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

 

25.      Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе

(38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

26.      Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

(38-б. 1-т.)

 

27.      Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

 

28.      Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

 

29.      Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

30.      Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                        (108-б. 1-т.)

 

 

 

 

31.      Аудандық (қалалық) мәслихат депутаттарының сайлау қорытындыларын анықтау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей 

 

(108-б. 2-т.)

 

32.      Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей, 2025 жылғы 5 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

33.      Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                           

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

 

34.      Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
29 января 2025