2025 жылғы 26 қаңтарда Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдық округінің әкімінің сайлау өтті.

2025 жылғы 26 қаңтарда Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдық округінің әкімінің сайлау өтті.

Жетісай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:

Қызылқұм ауылдық округі бойынша

  Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5832  азамат енгізілді, оның 3108-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –2, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 2.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

        Асхарұлы Досжан – 2515;  Тажибаев Айнабек Айтбаевич -589.

 

Қызылқұм ауылдық округінің әкімі болып, 1992 жылы туған, Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны, Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдық округі әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған Асхарұлы Досжан сайланды.  

 

Жетісай аудандық аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
28 января 2025