Жер учаскесін мемлекет мұқтажы
үшін алып қоюға байланысты
жер учаскесін мәжбүрлеп
иеліктен шығару туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 2 - тармағына, 84-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37-баптарына, Жетісай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 наурыздағы №18-107-VІІ санды шешімімен бекітілген Жетісай ауданы Асықата кентінің бас жоспарына, Жетісай ауданы Асықата кенті әкімінің 10.10.2024 жылғы №447 санды ұсыныс хатына сәйкес, Жетісай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жетісай ауданы Асықата кентін дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына немесе схемасына сәйкес, жеке тұрғын үй салу үшін халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және мәдени демалыс орталығын, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жол (көше) салу үшін, осы қаулының №1 қосымшасында көрсетілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін 2024 жылғы 15 қазанынан бастап 2025 жылғы 15 қазанына дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.
- «Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету жүктелсін.
- «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иелеріне және уақытша жер пайдаланушылерға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын.
- Меншік иелері және уақытша жер пайдаланушылардың келісу рәсімдерін жүргізу орны болып «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
- «Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретінде "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізуді.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Елшібаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі С.Мамытов