Сайланған әкімді тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларының негізінде 2024 жылғы 15 қыркүйегінде Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінің әкімін тіркеді.
– Елеусізов Нурболат Әбдімажитұлы 1992 жылы 21 ақпанда ОҚО Киров ауданы, Асықата кентінде дүниеге келген.
Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі жоғары. "AMANAT" партиясынан ұсынылды.
Жетісай ауданы Жетісай ауданының Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппараты бас маман-тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша лауазымын атқарған.
Түркістан облысы Жетісай ауданы Ынтымақ ауылының тұрғыны.
|
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |