Түркістан облысы Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекенің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінің шекарасына ауылшаруашылығы және өзге мақсатындағы жерлерден жалпы алаңы 132,38 гектар жер учаскелерін қосу арқылы, оның шекарасы жалпы көлемі 435,12 гектар өзгертіліп, белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                          

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы:                                                                    

Дата публикации
05 сентября 2024