РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ БОЙЫНША ОҚУ-СЕМИНАР.

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні Жетісай ауданы Жетісай қаласында орналасқан Жетісай аудандық мәдениет үйінде Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Жетісай ауданық аумақтық референдум комиссиясы мүшелерімен оқыту семинары өтті.
Семинарға аудандық аумақтық комиссия мүшелері, учаскелік референдум комиссия құрамы қатысты. (төраға, орынбасар, хатшы)
Семинарды Жетісай аудандық аумақтық референдум комиссия төрағасы Б.Сериков ашып, Түркістан облыстық референдум комиссиясының мүшелерімен таныстырып, алғашқы сөз облыстық референдумкомиссия мүшесі Қ.Құлажановқа берілді. Ол кісі комиссия мүшелері референдум комиссияларының әлеуметтік желілердегі жұмысын ұйымдастыру, баспасөз парақшаларын дайындау, бейнекоментарийлер әзірлеу, жарияланымдарға жауаптар беру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқығын сақтау туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Түркістан облысы референдум комиссиясының мүшесі Г.Махамбетова бүгінде референдум учаскелері Референдумды дайындап, өткізуге қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық - техникалық жағынан толықтай қамтамасыз ету бойынша атқарылатын жұмыстар, қаржыландыру мәселелері жан-жақты талданып, іске асырылуы нақтыланды.
Семинар қорытындысымен қатысушылар заңнама бойынша тест тапсырды. Семинарға барлығы 200 ден аса азаматтар қатысты.
Оқу семинарды қорытындылаған Жетісай аудандық аумақтық реферундум комиссия төрағасы Б.Сериков 2024 жылы 6 қазандағы Жалпыұлттық реферундумды мәдениетті және жоғары деңгейде өткізілуіне шақырды. Референдумға дейін каскадты тәсілде толық барлық учаскелік реферундум комиссия мүшелерімен семинарлар өткізілетінін, сұрақтар туындаған жағдайлар болса аудандық аумақтық реферундум комиссиясына қоюларың мүмкін екенін жеткізді.
Облыстық аумақтық референдум комиссия басшыларына, оқу-семинарды өткізген спикерге және қатысушыларға алғысын білдірді.
Дата публикации
05 сентября 2024