«Қызмет алушы күні» іс-шарасы өтеді

        ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жоспарына сәйкес, шілде айында азаматтарды тіркеу-тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, кетуге құжаттарды рәсімдеу сияқты қызметтерді алу жолдарын түсіндіру бойынша «Қызмет алушы күні» іс-шарасын өткізу белгіленген.

        Осыған орай, аталған іс-шара 23 шілде күні сағат 10:00-де Жетісай қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында өтеді.

Дата публикации
19 июля 2024