Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы

Жер учаскелерін мемлекет

мұқтажы үшін мәжбүрлеп

иеліктен шығару туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 16-бабының 1-тармағының 9)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Дарбаза-Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекарасы» темір жолын салу үшін жер учаскелерін, осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте емес мерзімде, осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Келес (Ж.Агибаев), Сарыағаш (А.Абдуллаев), Жетісай (С.Мамытов) және Мақтаарал (Б.Асанов) аудандарының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Жер пайдаланушылардың келісу рәсімдерін жүргізу орны Келес, Сарыағаш, Жетісай және Мақтаарал аудандарының жер қатынастары саласындағы функцияларды атқаратын бөлімдері болып белгіленсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Д.Тәжібаевқа жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі                                                                         Д. Сатыбалдыр

 

 

 

З.С.Жолдасов

Е.А.Әлімқұлов

Е.Кенжеханұлы

Н.О. Көшеров

Б.Д.Тәжібаев

Қ.Ә.Қайыпбек

Қ.О.Елибаев

Дата публикации
25 июня 2024