Жетісай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданы Абай, Қазыбек би ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:
Абай ауылдық округі бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5232 азамат енгізілді, оның 2775-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –6, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Мусаев Даурен Ирисбекович – 542; Оспанов Багдат Жанаевич -2220.
Абай ауылдық округінің әкімі болып, 1980 жылы туған, Халықтар достығы ауылының тұрғыны, Абай ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынған Оспанов Багдат Жанаевич сайланды.
Қазыбек би ауылдық округі бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8123 азамат енгізілді, оның 4687-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Серік Нүркен Дәуітұлы –1033; Мутаев Нурлыбек Сагынбекулы – 3642 .
Қазыбек би ауылдық округінің әкімі болып, 1987 жылы туған, Жетісай қаласының тұрғыны, Жетісай ауданы Мансап орталығының кәсіпкерлерді қолдау және еңбек нарығын ұтқырлығын арттыру бөлімінің маманы, «AMANAT» партиясы ұсынған Мутаев Нурлыбек Сагынбекулы сайланды.
Жетісай аудандық аудандық сайлау комиссиясы