СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Жетісай ауданы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

         Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Пірімбековтың төрағалығымен өткен жиынға қала, кент және ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшылары және жауапты мамандар,сонымен қатар Жетісай ауданы бойынша құрылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысшы топ мүшелері қатысты.

       Жиында сөз алған Жетісай ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы Шойгараева Адина Оразымбетқызы  дербес бөлімдерде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін баяндады.

        Жиынды қорытындылаған Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Пірімбеков мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдық мiндеттерiн үлгілі, мінсіз атқаруға шақырып, мемлекеттік қызметте тиімді, нәтижелі жұмыс жүргізіп, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

         Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дата публикации
14 мая 2024