2024 жылғы 05 мамыр Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округі әкімдерінің сайлау өтті.
Жетісай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:
Атамекен ауылдық округі бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5098 азамат енгізілді, оның 3212-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9,«барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 4.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байназаров Нургали Айнабекович – 2473; Касымбеков Нурболат Кылышбекович – 726.
Атамекен ауылдық округі әкімі болып, 1973 жылы туған, Шымкент қаласының тұрғыны, Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, өзін-өзі ұсынған Байназаров Нургали Айнабекович сайланды.
Жетісай аудандық аудандық сайлау комиссиясы