ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жоспарына сәйкес, 6 мамыр күні сағат 10:00-де Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, №20 мекенжайда орналасқан Жетісай қаласы әкімі аппаратының 1-қабатындағы мәжіліс залында «Қызмет алушы күні» іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімі, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Мақтаарал аудандық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Жетісай аудандық әлеуметтік төлемдер орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатыстырылып, тұрғындарға жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігін, әскери билет, ҰОС ардагері, зейнеткерлік куәліктер беру, т.б. қызметтерді алу, сондай-ақ, қызметтерді электронды түрде алу тәсілдерін жан-жақты түсіндірді.