Жетісай ауданының Қазыбек би, Абай ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

 

 

 

 

               

 

 

 

Жетісай ауданының Қазыбек би,

Абай ауылдық округі әкімдерін

сайлау жөнінде сайлау округтерін

құру туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 14- бабының 6 тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22 бабы негізінде Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жетісай ауданы Қазыбек би а/о әкімін сайлау жөнінде сайлау округі:

а) Қазыбек би а/о шекарасында құрылсын;

  1. Жетісай ауданы Абай а/о әкімін сайлау жөнінде сайлау округі:

          ә) Абай а/о шекарасында құрылсын.

  1. Қазыбек би, Абай а/о сайлау округтері, олардың шекарасы және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері (Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі, №20) аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.

 

           Жетісай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                          Б.Сериков

Комиссия хатшысы                                                  Д.Сейдикеримова

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 апреля 2024