Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар!

2024 жылы 26 сәуір күні сағат 10:00-де (Астана қаласының уақыты бойынша) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы www.gosreestr.kz (бұдан әрі-Портал) арқылы электрондық аукцион өткізетінін хабарланады.

Аукционға қатысуға өтінімдер беру "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 санды "Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды.

Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысушының өтінімі қатысушының сауда-саттық (аукцион) шарттарымен келісімін қамтиды.

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық (аукцион) объектісінің ең төменгі бағасының 15 (он бес) %-ын құрайды, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) кем болмайды және 30 (отыз) мың АЕК-ден аспайды.

Кепілдік жарнаны сауда-саттықтың (аукционның) ұйымдастырушы қабылдайды және сауда-саттық (аукцион) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген ұйымдастырушының деректемелеріне енгізіледі.

Өтінімде көрсетілген деректер мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерден автоматты режимде алынбаған жағдайда, қатысушы деректерді өзі енгізеді, сондай-ақ өтінімге растаушы құжаттарды қоса тіркейді.

Автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

1) қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың (аукционның) басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;

2) қатысушының Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмеуі;

3) қатысушының Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.

Өтінімі тіркелген және қабылданған қатысушыға веб-портал аукциондық нөмір береді.

Сауда-саттық (аукцион) сатып алушысының кепілдік жарнасы сауда-саттық (аукцион) нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа (аукционға) қатысу кезінде мәлімделген талаптармен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ; БСН: 050540004455.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ-да есеп шоты (IBAN/ИИК): KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX;

ТТК: 171; Кбе: 16

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Ескерпе: Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету үшін https://traderesources.gosreestr.kz/ru/traderesources/res-land/info порталында тіркелу қажет.

НАЗАР аударыңыз! Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 916-бабының 10-тармағына сәйкес Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдай орын алған кезде ұйымдастырушы кепілдік жарнаны тиісті бюджеттің кірісіне аударады.

Бағаны көтеру әдісін (ағылшын әдісін) қолдана отырып аукционға келесі сату объекті қойылады:

р/с

Жер телімдері орналасқан әкімшілік – аумақтық бірлік атауы

Жер учаскесінің санаты

Жер учаскесінің сату құқық түрі

Жер учаскесінің көлемі, га

Жер учаскесінің кадастрлық бағалау құны (теңге)

Кепілдік жарна жер учаскесінің 5 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге)

Жер учаскесін 1 жылға жалдау құқығын сатып алу құны (теңге)

Жер учаскесіне шектеулермен ауыртпалықтар

1

Жетісай ауданы Асықата кенті аумағы

Спорт кешенін салу үшін

1 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

1,0

6 100 000

184 600

122 000

жоқ

Дата публикации
08 апреля 2024