"БЖЗҚ" АҚ-да " Ашық есік күні"

"БЖЗҚ" АҚ халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде 2024 жылғы 15 наурызда "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбында "Ашық есік күнін"өткізеді. 

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оған базалық және ортақы зейнетақылар, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін азаматтардың зейнетақы жинақтары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемдері кіреді.

 

Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға 2024 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - зейнетақыларының мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей тәуелді болатын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) енгізу туралы айтып береді.

Іс-шараға қатысушылар ЖМЗЖ мөлшері неге байланысты болатынын, сондай-ақ, жұмыс берушіге жүктеменің қалай теңгерілгенін және ол үшін қандай салық жеңілдіктері қарастырылғанынан хабардар болады. Қор қызметкерлері ЖМЗЖ-ны қалай дұрыс және нақты кім үшін төлеу керектігін, сондай-ақ, жарналардың басқа түрлерінен қандай айырмашылығы бар екені туралы түсіндіреді.

Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ, БАҚ өкілдері шақырылады. Аталмыш шара Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялауға тартылған жұмыс берушілерге де, журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз

 

Идентификатор конференции: 88979523475

Пароль:1234

 

 

 

 

QR- код:

  • Сағат 12:00.

https://us05web.zoom.us/j/85097725306?pwd=VLEiVS2t8Knp4rFQmkxFvcz1BAg6Ic.1

Идентификатор конференции: 85097725306

Пароль:1234

QR- код:

 

  • Сағат 15:00.

https://us05web.zoom.us/j/83671182419?pwd=B9gN1pDs1ylyUdLJgeL4DFo0SDbqBU.1

Идентификатор конференции: 83671182419

Пароль:1234

 

QR- код:

Дата публикации
11 марта 2024