2024 жылғы 03 наурыз Жетісай ауданы Асықата кенті және Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімдерінің сайлау өтті

Жетісай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданы Асықата кенті және Ш.Ділдабеков ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:

Асықата кенті бойынша

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 7704 азамат енгізілді, оның 3192-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 235, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 16.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

        Жолдасбек Нуралы Әділұлы  –  1632;  Журхабаев Марат Ашимович – 1309.

Асықата кенті әкімі болып, 1993 жылы туған, Асықата кентінің тұрғыны, Жетісай ауданы Асықата  кенттік халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы, өзін-өзі ұсынған Жолдасбек Нуралы Әділұлы  сайланды.  

Ш.Ділдабеков ауылдық округі бойынша

Ш.Ділдабеков  ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 6631 азамат енгізілді, оның 5290-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 132, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 239.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

        Жакипов Канат Уразбекович – 586;  Тлеуов Канат Жолбарысович– 4333.

Ш.Ділдабеков ауылдық округінің әкімі болып, 1987 жылы туған, Сайлау ауылының тұрғыны, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің әкімі, «АМАНАТ» партиясы ұсынған Тлеуов Канат Жолбарысович сайланды.  

 

Жетісай аудандық аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 марта 2024