Жетісай ауданының Мақталы ауылдық округінің әкімі сайланды.

Жетісай ауданының Мақталы ауылдық округінің әкімі сайланды.

 

2023 жылдың 24-қыркүйек күні өткен сайлаудың қорытындысына сәйкес Абдумажитов Мейрамбек Қыдырхожаевич Жетісай ауданының Мақталы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Жетісай ауданы әкімі Мамытов Серік Үсенұлы мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Темірбеков Қожамқұл Алиұлы жаңадан сайланған ауыл әкімін жергілікті қоғамдастық, ауыл ақсақалдары, жергілікті мекеме басшылары мен округ әкімі аппаратының ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

М.Абдумажитов 1990 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданы Мақталы ауылдық округі Мақталы ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Менеджмент" мамандығы, 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы Мақталы ауылдық округі әкімі аппаратында Жастар практикасымен еңбек жолын бастаған.

2013-2023 жылдар аралығында Мақталы ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-есепшінің міндетін уақытша атқарушы, бас маман-есепші, әкім міндетін уақытша атқарушы, ауылдық округтің әкімі болып қызмет атқарған.

Аталған лауазымға халықтың таңдауымен қайта сайланып отыр.

 

 

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 сентября 2023