Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округінің әкімі сайланды.
2023 жылдың 24-қыркүйек күні өткен сайлаудың қорытындысына сәйкес Иманбердиев Байдибек Шалатаевич Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Жетісай ауданы әкімі Мамытов Серік Үсенұлы мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Темірбеков Қожамқұл Алиұлы жаңадан сайланған ауыл әкімін жергілікті қоғамдастық, ауыл ақсақалдары, жергілікті мекеме басшылары мен округ әкімі аппаратының ұжымына таныстырып, сәттілік тіледі.
Б.Иманбердиев 1987 жылы Түркістан облысы Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі Қ.Сәтбаев ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «Бағдаулет» шаруа қожалығында қарапайым жұмысшы болып бастаған.
2014 жылы Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының техникалық қызметкер болып еңбек жолын жалғастырған.
2014 жылы Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман-әскери есеп бойынша, әкімнің міндетін уақытша атқарушы және ауылдық округ әкімі болып еңбек еткен.
Аталған лауазымға халықтың таңдауымен қайта сайланып отыр.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы