2023 жылғы 24 қыркүйекте Жетісай ауданы Мақталы, Қарақай ауылдық округтері әкімдерінің сайлау өтті.
Жетісай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Жетісай ауданы Мақталы, Қарақай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:
Қарақай ауылдық округі бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4958 азамат енгізілді, оның 3060-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 6.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Көлбаев Нұралы Мұхтарұлы – 568; Иманбердиев Байдибек Шалатаевич- 2478.
Қарақай ауылдық округінің әкімі болып, 1987 жылы туған, Сатпаев ауылының тұрғыны, Қарақай ауылдық округінің әкімі, «AMANAT» партиясы ұсынған Иманбердиев Байдибек Шалатаевич сайланды.
Мақталы ауылдық округі бойынша
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4379 азамат енгізілді, оның 2780-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдумажитов Мейрамбек Кыдырхожаевич – 2276; Рустемов Есимхан Есибаевич- 488.
Мақталы ауылдық округінің әкімі болып, 1990 жылы туған, Мақталы ауылының тұрғыны, Мақталы ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынған Абдумажитов Мейрамбек Кыдырхожаевич сайланды.
Жетісай аудандық аудандық сайлау комиссиясы