2023 жылғы 24 қыркүйекте Жетісай ауданының Қарақай, Мақталы ауылдық округі әкімдерінің сайлау өтті.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Қарақай, Мақталы ауылдық округі әкімдерінің сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық сайлау комиссияларының қорытындыларын белгіледі:
1).Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4936 азамат енгізілді, оның 3060-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 6.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Көлбаев Нұралы Мұхтарұлы – 568; Иманбердиев Байдибек Шалатаевич - 2478.
Қарақай ауылдық округінің әкімі болып Иманбердиев Байдибек Шалатаевич сайланды, 1987 жылы туған, Қарақай ауылдық округінде тұрады, Қарақай ауылдық округінің әкімі, Жетісай ауданының Қарақай ауылдық округінің әкімі болып тіркеу.
2). Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4379 азамат енгізілді, оның 2780-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 7.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдумажитов Мейрамбек Кыдырхожаевич – 2276; Рустемов Есимхан Есибаевич - 488.
Мақталы ауылдық округінің әкімі болып Абдумажитов Мейрамбек Кыдырхожаевич сайланды, 1990 жылы туған, Мақталы ауылдық округінде тұрады, Мақталы ауылдық округінің әкімі, Жетісай ауданының Мақталы ауылдық округінің әкімі болып тіркеу.
Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы