Тізім бойынша жергілікті атқарушы органдарға
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Өнімді инновацияларды ынталандыру» (бұдан әрі - Жоба) жобасын іске асыру шеңберінде «Өндірістік сектор консорциумдары: Индустриялық-ғылыми технологиялық консорциум» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жарияланғанын хабарлайды.
Гранттық бағдарламаның мақсаты - консорциумдардың инновациялық шешімдерін, ғылыми әзірлемелері және/немесе технологияларын коммерцияландыру.
Гранттық бағдарлама шеңберінде бірнеше қатысушы арасында консорциум құру қажет. Консорциумның міндетті шарты - кемінде екі (2) үлестес емес өндірістік кәсіпорын және кемінде бір (1) ғылыми ұйым қатысуы тиіс.
Гранттың максималды сомасы 650 млн.теңгеге дейін (А гранты бойынша) және 250 млн. теңгеге дейін (В гранты бойынша), 18 айға дейін іске асыру мерзіміне беріледі.
Қоса қаржыландыру сомасы грант сомасының кемінде 50 пайызын (А гранты бойынша) және грант сомасының кемінде 30 пайызын (В гранты бойынша) құрауға тиіс.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 25 мамырда басталып,
2023 жылғы 10 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Гранттық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында Сізден өз салаңыздағы өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар арасында байқаудың басталуы туралы ақпаратты таратуға жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз.
Гранттар бағдарламасы бойынша толығырақ ақпаратты www.fpip.kz Жобаның сайтынан ала аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша consortia@fpip.kz электронды поштасы немесе +7 777 149 80 36 телефон нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Вице-министр А. Жамбакин
!: И.М. Нұран
(: 8 /7172/649452
Жергілікті атқарушы органдардың тізімі
|
1. Астана қаласының әкімдігі 2. Алматы қаласының әкімдігі 3. Шымкент қаласының әкімдігі 4. Ақмола облысының әкімдігі 5. Ақтөбе облысының әкімдігі 6. Алматы облысының әкімдігі 7. Абай облысының әкімдігі 8. Атырау облысының әкімдігі 9. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 10. Жамбыл облысы 11. Жетісу облысының әкімдігі 12. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 13. Қарағанды облысының әкімдігі 14. Қостанай облысының әкімдігі 15. Қызылорда облысының әкімдігі 16. Маңғыстау облысының әкімдігі 17. Павлодар облысының әкімдігі 18. Түркістан облысының әкімдігі 19. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 20. Ұлытау облысының әкімдігі |