Елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі бар екенін ескертеміз. Тек ол азаматтарға ҚР Ішкі істер органдары арқылы тұрақты тұруға кетуді ресімдеп, БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын ұсыну керек. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығына ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарды толық ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
Азаматтар зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігіне тұрақты тұруға кетуді тиісті түрде ресімдеген және басқа елдің шетелдік төлқұжатына ие болған жағдайда ғана қол жеткізеді.
БЖЗҚ-ға құжаттар тапсырудың 3 тәсілі бар:
Зейнетақы жинақтарын төлеу тек алушының банктік шотына, оның ішінде зейнетақы төлемдерін алушы әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған тұлға болған жағдайда ғана жүзеге асырылатындығына назар аударамыз. Зейнетақы жинақтарын өкілдің (қорғаншының/қамқоршысының), сондай-ақ, сенім білдірілген тұлғаның банк шотына төлеуге жол берілмейді. Осылайша, басқа елде тұрақты тұруға өтініш берген адам өзінің зейнетақы жинақтарын жақын туыстарына бере алмайды.