Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі Әбдіхалық елді мекенінің шекарасына (шегіне) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден жалпы алаңы 15,0 гектар жер учаскесін қосу арқылы, оның шекарасы (шегі) жалпы көлемі 173,79 гектар өзгертіліп, белгіленсін.
- Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінің шекарасына (шегіне) ауылшаруашылығы және өзге мақсатындағы жерлерден жалпы алаңы 132,38 гектар жер учаскелерін қосу арқылы, оның шекарасы (шегі) жалпы көлемі 435,12 гектар өзгертіліп, белгіленсін.
- Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Аудандық мәслихаттың
төрағасы: