2023 жылғы 20 қаңтардағы №115 шешіміне қосымша
күнтізбелік жоспары
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, «Жаңа Жетісай» газетінде жариялау |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей (14-б. 6) т., 22-б.) |
||||||||
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.) |
||||||||
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|||||||||
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
||||||||
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
||||||||
|
5. Бірмандаттық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну |
|||||||||
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы 2023 жылғы 20 қаңтарда басталады және 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады (103-б.) |
||||||||
|
6. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу Тиісті округтік сайлау комиссиялары Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.) |
|||||||||
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|||||||||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.) |
||||||||
|
8. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы Жетісай аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|||||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиялары Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.) |
||||||||
|
9. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды, олардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.) |
||||||||
|
10. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.) |
||||||||
|
11. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|||||||||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) |
||||||||
|
12. Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) |
||||||||
|
13. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың, саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|||||||||
|
|
Тиісті округтік сайлау комиссиялары Айына екі рет |
||||||||
|
14. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|||||||||
|
|
Аудан әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 18 ақпанға дейін (28-б. 6-т.) |
||||||||
|
15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|||||||||
|
|
Кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2023 жылғы 18 наурызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
||||||||
|
16. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|||||||||
|
|
Аудан әкімі және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
||||||||
|
17. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|||||||||
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылғы 26 ақпанға дейін (26-1 б. 1-т.) |
||||||||
|
18. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылғы 4 наурыздан кешіктірмей (26-б. 1-т.) |
||||||||
|
19. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 9 наурызға дейін |
||||||||
|
20. Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 9 наурызға дейін (38-б. 1-т., 3-т.) |
||||||||
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2023 жылғы 16 наурыздан ерте емес және 18 наурызға дейін (37-б. 3-т.) |
||||||||
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
||||||||
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
||||||||
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
||||||||
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
||||||||
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті сайлау комиссияларына ұсыну |
|||||||||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.) |
||||||||
|
|||||||||
|
28. Мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелерiн белгілеу |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей 2023 жылғы 21 наурыздан кешіктірмей (14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б.2,3-т) |
||||||||
|
29. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей 2023 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей (111-б. 1-т.) |
||||||||
|
|||||||||
|
31. Сайланған Жетісай аудандық мәслихат депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|||||||||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.) |
||||||||
|
32. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру |
|||||||||
|
|
Кандидаттар Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей (34-б. 9-т.) |
||||||||
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.