Жетісай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

№____ШЕШІМІ

Жетісай қаласы                                                  2022 жылғы 29 желтоқсан.

 

Жетісай аудандық мәслихатының

депутаттарын сайлау жөніндегі

аудандық сайлау округтері бойынша

округтік сайлау комиссияларын

құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес және Жетісай аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № __ «Жетісай аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» шешіміне сәйкес  Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

 

  1. Жетісай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерінде 22 округтік сайлау комиссиялары құрылсын
  2. Жетісай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Жетісай аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы шешім Жетісай ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихаттың ресми интернет- ресурстарында, «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.
  4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жетісай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                               Қ.Темірбеков

 

Жетісай аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                           Д.Сейдикеримова

Дата публикации
30 декабря 2022