Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылдың 8-15 тамызы аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша
АНЫҚТАМА
Жетісай қаласы 22.08.2022 жыл
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік» қағидаларына және Жетісай ауданы әкімінің 05.01.2022 жылғы №5-ө/нқ «Жұмыс тобын құру туралы» өкіміне сәйкес, 2022 жылдың 15-25 маусымы аралығында Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Абай ауылдық округі әкімінің аппараты
Персонал құрамы:
Абай ауылдық округінің әкімі – Оспанов Багдат.
Басшылыққа тағайындалған мерзімі – 18.06.2020 жыл.
Аппаратта жалпы штат саны–18.
Мемлекеттік қызметшілер саны–9.
Келісім шарт бойынша–8.
Нақты жұмыс істейтіні–18.
Бос лауазымдық орын– жоқ.
Тәртіптік жаза туралы:
2021 жылдың 4 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызметшілерге 3 – ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы:
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабының 8 тармағында облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуге міндетті – деп көрсетілген.
Ауылдық округте жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте 600 - ден аса азаматтар есепке қойылған.
Алайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Зерделеу барысында кент әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауларын насихаттау аясында атқарылған жұмыстары (мекеме қызметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен өткен жиын хаттамасы, фото суреттері) болмай шықты.
Арыз–шағымдар мен жеке қабылдаулар бойынша:
Ауылдық округ әкімі атына азаматтардан жер телімдерінің құжаттарын жаңарту және құқық табыстау үшін түскен өтініштерін Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43 бабының талаптарына сәйкес, тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелеріне 1 жұмыс күні ішінде жолдаған. (12.02.2021 жылы шығыс №73)
Алайда тиiстi субъектiлерге жiберiлгені туралы өтініш берушiге жазбаша хабарламаған. Осы мағыналас заң бұзушылықтар 02.02.2021 жылғы шығыс 124, 09.02.2021 жылғы шығыс 156 санды хаттарда орын алған.
Бұл өз кезегінде «Қазақстан Республикасның жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 9 бабының 3 тармағын өрескел бұзу болып табылады.
Сонымен қатар 2021 жылдың 10 ақпанында ауылдық округ әкімінің шығыс №205 санды хатпен Н.Асетовке, шығыс 206 хатпен Н.Елеуханға, шығыс №207 хатпен А.Асыловаға, шығыс №208 санды хатпен Н.Аликуловқа, шығыс №209 хатпен Е.Жанабаевқа, шығыс №210 хатпен А.Кальмуратоваға «Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы жер бөлу комиссиясының 10.02.2021 жылғы теріс» қорытындыларына сәйкес, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімін алуға қанағаттандырудан бас тартылған.
Алайда өтініш иелеріне берілген жауаптарда арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiрмеген.
Бұл өз кезегінде жоғарыда аталған заңның 10 бабының 1 тармағын бұзу болып табылады.
Аталған бапта Өтiнiштерге берiлетiн жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сiлтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негiзделген және дәлелдi, мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш берiлген тiлде болуға, арыз берушiнiң қабылданған шешiмге шағым жасау құқықтарын түсiндiре отырып, оның дәлелiн жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректердi қамтуға тиiс – деп көрсетілген.
4) 15.02.2021 жылы ауылдық округ әкімі Б.Оспанов орындаушы Б.Шорабеков аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мекеменің (фирменный) бланкісін қолданбай (А4) ақ қағазбен шығыс №233 санды хат жолдаған.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 144 бұйрығының 4 бабының талаптарын бұзу болып табылады.
Аталған бапта қазақ тіліндегі құжат және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын теңтүпнұсқалы құжаттың әрқайсысы жеке бланкiлерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен рәсімделеді.
Осы бұйрықтың 5 бабында: «Құжатты жасағанда және рәсімдегенде бланкілер қолданылады. Бланкіде құжат деректемелері осы Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген құжат деректемелерінің орналасу схемасына сәйкес орналасады» – деп көрсетілген.
18.01.2021 жылы ауылдық округ әкіміне жеке тұлға Е.Тулепов өтінішпен жүгінген. Аталған өтініш Заң аясында 3 күндік мерзімде құзырлы мекемелерге жолданған.
Алайда өтініш иесіне бұл туралы үш күн iшiнде жазбаша хабарлама жолдамаған.
Мекеменің қызметін қозғайтын құқықтық актілер бойынша:
Ауылдық округ әкімінің жергілікті қоғамдастық жиналысы құжаттары зерделенді. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығымен реттеледі.
Осы бұйрықтың 5 тармағында Жиналысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.
Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды – деп көрсетілген.
Зерделеу барысында ауылдық округ әкімі 2021 жылы 4 рет жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізген, алайда ауылдық округ әкімі жиналысты шақыру туралы шешім қабылдамағаны анықталды.
Осы бұйрықтың 16 тармағында Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады- деп көрсетілген.
Алайда жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияламағаны анықталды.
Мекеменің қызметін қозғайтын құқықтық актілер бойынша:
Негізгі қызмет бойынша:
Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Жетісай аудандық пробация қызметі бөлім бастығы әділет майоры Е.Бекбалаев 05.01.2021 жылғы шығыс №30-34-14-7-20 санды хатпен ауылдық округ әкіміне 22.03.1995 жылы туылған Қ есімді азаматты 100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы жолдама-анықтама сот үкімін жолдаған.
Алайда аудандық полиция бөлімінің жолдама-анықтамасы ауылдық округі аппаратының жауапты қызметкері тарапынан кіріске тіркеуге алынбай, жауапты орындаушыға әкім тарапынан бұрыштама қойылмаған.
Сонымен қатар ауылдық округі әкімі тарапынан жолдама-анықтаманы алғаннан кейін орындауға қабылданғаны туралы Жетісай аудандық пробация қызметі бөліміне дереу хабарламағаны анықталды.
Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы «Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №386 бұйрығының 2 бабының талаптарын бұзу болып табылады.
Аталған бапта Жергілікті атқарушы орган анықтама-жолдама мен сот үкімінің көшірмесін алғанда: «сот үкімін алғаны және орындауға қабылдағаны туралы пробация қызметіне дереу хабарлайды» –деп көрсетілген.
Жеке құрам бойынша:
Абай ауылдық округі әкімі тарапынан 2021 жыл басынан бері жеке құрам бойынша 12 өкім қабылдаған.
Мекеме қызметін қозғайтын құқықтық актілерді қабылдау барысында кейбір өкімдерде Қазақстан Республикасының заң талаптары сақталмағаны анықталды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 93 бабының 1 тармағында Жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін – деп көрсетілген.
Алайда ауылдық округ әкімі 4.10.2021 жылы әкім аппаратының күзетшісі М.Б.Молдабековты «Демалыстан шақыртып алу туралы» №10 ө/жқ санды өкімін қабылдау барысында техникалық қызметкердің келісімін алмай рәсімдеген.
Осы кодекстің 92 бабының 3 тармағында Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін.
Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы бөліктерінің бірі күнтізбелік он төрт күннен кем болмауға тиіс – деп көрсетілген.
Алайда әкім аппаратының күзетшісі М.Б.Молдабековты күнтізбелік 4 (төрт) күннен кейін кері шақыртып алған.
Сонымен қатар ауылдық округ әкімінің теқникалық қызметкерлерге «Кезекті еңбек демалысын беру туралы» №1 ө/жқ, №3 ө/жқ, №4 ө/жқ, №5 ө/жқ, №6 ө/жқ, №9 ө/жқ, №11 ө/жқ, №12 ө/жқ санды өкімдерін қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 105-бабының 1 тармағына сілтеме жасаған.
Алайда аталған бап ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу кезінде қолданылады.
Бұл ретте әкім аппаратының техникалық қызметкерлеріне еңбек демалысын беру барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 92, 93 баптарына сілтеме жасалынады.
Жоғарыда аталғандар негізінде:
жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуді;
- алдағы уақытта анықтамада көрсетілген кемшіліктерді болдырмау мақсатында Абай ауылдық округі әкімі аппаратында тұрақты түрде құқықтық оқыту ұйымдастыруды ұсынамын.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы
Е.Алданиязов
Н.Егізбаев
Б.Шералиев
С.Оразбаев
А.Алдабергенов
М.Жаппар