Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылдың 1-20 шілде аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша

Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылдың 1-20 шілде аралығында жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша

АНЫҚТАМА

 

Жетісай қаласы                                                                             20.07.2022  жыл

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік» қағидаларына және Жетісай ауданы әкімінің 05.01.2022 жылғы №5-ө/нқ «Жұмыс тобын құру туралы» өкіміне сәйкес, 2022 жылдың      1-20 шілде аралығында Жетісай ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 

Жылы су ауылдық округі  әкімінің аппараты

 

Персонал  құрамы:

Жылы су ауылдық округі әкімі – Е.Дауылбаев.

Басшылыққа тағайындалған мерзімі – 27.07.2021 жыл. 

Аппаратта жалпы штат саны–24.

Мемлекеттік қызметшілер саны–11.

Келісім шарт бойынша–13.

Нақты жұмыс істейтіні–24.  

Бос лауазымдық орын – жоқ.

Тәртіптік жаза туралы:

2022 жылдың 4 қаңтары мен 20 шілде аралығында мемлекеттік қызметшілерге  2 – қызметіне толық сәйкес емес түріндегі ескерту,  1-сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылған.

Арыз–шағымдар мен жеке қабылдаулар бойынша:

1) 09.02.2022 жылы азамат Аманов Нармурод тұрғын үйі құрылысы үшін берілген жер телімінің құжаттарын жаңартып нақты көлемін бекіту үшін ауылдық округ әкіміне өтінішпен жүгінген. Өтініш ауылдық округ әкімі аппаратында кіріс №ЖТ-2022-01265513 санды нөмірмен тіркелген.

Талдау барысында ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты қызметкері тарапынан төмендегі кемшіліктерге жол бергені анықталды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің  63 бабында: Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде) көрсетіледі деп баяндалған.

Алайда  азамат Аманов Нармуродтың жолданымында жеке сәйкестендіру нөмірі,  пошталық мекенжайы көрсетілмегені анықталды.

Осы кодекстің 73 бабаның 1 тармағында; Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі – деп көрсетілген

         Ауылдық округі әкімі аппартының жауапты қызметкері өтініш иесі Н.Амановтың 09.02.2022 жылғы №ЖТ-2022-01265513 арыз негізінде қозғалған әкімшілік рәсімді қарау нәтижелері бойынша дайындалған алдын ала шешімнің жобасын жолдамағаны анықталды.

         Яғни өтініш иесі Н.Амановтың әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік бермеген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 44-1 бабының 8 тармағында облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етуге міндетті – деп көрсетілген.

 Ауылдық округте жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте 400 - ден аса  азаматтар есепке қойылған.

Алайда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз етілмегені анықталды.

2) Ауылдық округ әкімінің жергілікті қоғамдастық жиналысы құжаттары зерделенді.  Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығымен реттеледі.

Осы бұйрықтың 5 тармағында Жиналысты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды – деп көрсетілген.

         Зерделеу барысында ауылдық округ әкімі 2022 жылы 2 рет жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізген, алайда ауылдық округ әкімі жиналысты шақыру туралы шешім қабылдамағаны анықталды.

         Осы бұйрықтың 16 тармағында Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады- деп көрсетілген.

         Алайда жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияламағаны анықталды.

3) Жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін жеке қабылдау

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасары жүзеге асырады.

Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер (бұдан әрі–жауапты қызметкерлер)   күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «электрондық үкімет» веб-порталындағы электрондық құжаттар, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе жауапты қызметкерлерге ауызша жеткізу нысанында жүргізеді.

Қабылдау нәтижелері тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетіліп хаттамаланады.

Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге қоса тіркеледі.

Қабылдауға жазу туралы келіп түскен барлық өтініштерді жауапты қызметкерлер құжат айналымының электрондық жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркейді және тікелей басшысын алдын ала қарауға жібереді.

Жауапты қызметкерлер өтініш тіркелген кезден бастап күнтізбелік   15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей арыз берушіге қабылдау нәтижесі бойынша  жауапты жолдайды – деп көрсетілген.

Ауылдық округ әкімі мен орынбасары тарапынан жеке қабылдау жүргізілген, алайда құжат айналымының электрондық жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркелмей жазбаша жауаптары жолданбағаны анықталды.

4) Мүдделер қақтығысын реттеу.

Мемлекеттік сатып алу, мүлікті, активтерді және т.б. сатып алу не сату, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылар мен жекжаттардың бірлескен қызметі (жұмысы), лауазымды адамдар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу кезінде қызметкерлердің басшымен, лауазымды тұлғалармен мүдделер қақтығысы фактілері жоқ.

Қызметкерлерді басқару жөніндегі қызметті, жұмысқа қабылдау кезінде жақын туыстары мен жекжаттарының бірге қызмет етуін зерделеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.

Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік орган басшысының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

Ауылдық округ үшін жұмыстарды, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық Жоспары бекітілген, ол мемлекеттік сатып алудың  веб-порталында орналастырылған.

5) «Жылы су ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылға бекітілген істер номенклатурасы бойынша аппарат қызметкерлерінде болуы тиіс іс-құжаттары мен жинақ папкасына зерделеу жүргізілді.

Нәтижесінде істер-номенклатурасы бойынша төмендегі қызметкерлерде   Заң талаптарына сәйкес рәсімделмей, кейбір жинақ папкалары жоқтығы анықталды.

     Бас маман жер инспекторы Нурымбетов Жомартта төмендегі іс

құжаттар болмай шықты:

06-05 - Шаруашылық кітаптардағы тұрғын үй учаскесін әр жыл егілген егістік түрлерін оның жер көлемін анықтау, нақтылау жөнінде әр отбасы бойынша алынған мәлімет туралы;

06-06 – Шаруашылық кітаптардағы тұрғын үй учаскесін әр жыл егілген егістік түрлері оның жер көлемін анықтау және статистикалық есептер;

Бас маман жер инспекторының 2022 жыл басында бекітілген жұмыс жоспарының  5, 8, 11 тармақтары орындалмағаны анықталды.

  1. Бас маман тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша Ибрагимов Алгибайда төмендегі іс құжаттар болмай шықты:

 1) Ауылдардың тұрғын үй – коммуналдық саласын дамыту, жарық, газ,  ауыз су мәселелері мен айналысу, олардың жұмысын ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстары болмай шықты.

2) Ауылдардың көшелерін, саябақтардың, скверлерді көгалдандыру, көріктендіру, санитарлық тазалық, ирригация жүйелерін, көпшілік пайдаланылатын жерлер мен көріктендіру нысандарын өз дәрежесінде күтіп – ұстауды ұйымдастыру бойынша нақты жоспарлар, атқарылған жұмыстар толық болмай шықты.

3) Ауылдық окруктегі елді мекендерді көріктендіру көгалдандыру және санитарлық-тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша іс-шара жоспары бекітілген, алайда жоспардың 2, 3, 5, 7 тармақтары орындалмай назардан тыс қалғаны анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 703 қаулысының  156 бабында: Орындалған құжаттарды орындаушы істер номенклатурасына сәйкес істерге қалыптастырады.

 Іске орындалған, мазмұны істер номенклатурасы бойынша істердің тақырыптарына сәйкес келетін дұрыс ресiмделген құжаттар ғана орналастырылады.

Істерді істер номенклатурасынан тыс қалыптастыруға жол берілмейді –деп көрсетілген.

Алайда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша бас маманы А.Ибрагимовтың кейбір жинақ папкалары бос, ал кейбіреуінде  істердің тақырыптарына сәйкес келмейтін дұрыс ресiмделмеген құжаттар жинақталғаны анықталды.

№05. Бас маман – салық агенті Нурымбетова Клара Темирбаевнада төмендегі істер номенклатурасы мен жинақ папкасы болмай шықты.

05-01 – Салықтық жұмыстары туралы топтама (есептер, тізімдер, және кестелер, анықтамалар, және басқа да құжаттар) папкасы жоқ.

05-02 – Салық төлеушілердің тізімі жинақ папкасы арналған, алайда ішінде 2022 жылы салық төлеушілердің тізімі мен олармен атқарылған жұмыстар болмай шықты.

05-03 – салық төлеуден босату, жеңілдіктер беру, салықтар, өзге де алымдар бойынша төлемдерді шегіндіру немесе олардан бас тарту туралы құжаттар (өтініштер, шешімдер, ведомостер және басқа да құжаттар)  папкасы арналған, алайда 2020 жылдан бері салық төлеуден босатылатын, жеңілдіктер пайдаланылатын әлеуметтік топтар тізімі жаңартылмағаны анықталды.

Ал кейбір жинақ папкалары бос, ал кейбіреуінде  істердің тақырыптарына сәйкес келмейтін дұрыс ресiмделмеген құжаттар жинақталғаны анықталды.

Ауылдық округ әкімінің 2022 жыл басында бекітілген жұмыс жоспарының  17 тармағы орындалмағаны анықталды.

         Мекеменің қызметін қозғайтын құқықтық актілер бойынша:

Ауылдық округ әкімі 10.01.2022 жылғы №05-ө/нқ санды «Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін учаскелік комиссия құру» туралы өкім қабылдаған.

Комиссия құрамына ауылдық округ әкімі орынбасары А.Алдешов – комиссия төрағасы,  Н.Қазыханов (ауылдық округ әкімі аппаратының- мәдениет және әлеуметтік сала бойынша бас маманы) – комиссия мүшесі, Б.Махимов (ауылдық округ әкімі аппаратының – кәсіпкерлікті дамыту бойынша бас маманы) – комиссия мүшесі, М.Усманов – (қоғамдық кеңесінің төрағасы) комиссия мүшесі, К.Байбатша – (ауылдық округ әкімі аппаратының операторы) комиссия мүшесі ретінде енгізілген. 

Ішкі талдау барысында ауылдық округ әкімінің Учаскелік комиссиялар құру туралы  10.01.2022 жылғы №05-ө/нқ өкімі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» №29-ө бұйрығының талаптарын бұза отырып қабылданғаны анықталды.

Бұйрықтың 10 тармағында Комиссияның құрамы; жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады. 

Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады – деп көрсетілген.

Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады – деп көрсетілген.

Яғни комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

Бұл ретте ауылдық округ әкімінің «Учаскелік комиссиялар құру туралы»  10.01.2022 жылғы №05-ө/нқ өкіміне өзгеріс енгізіліп, жоғарыда аталған заң талаптарына сәйкестендіріліп, қайта құрылуға жатады.

Ауылдық округ әкімі 24.02.2022 жылы №13-ө/нқ санды «Жолдама-анықтама негізінде қоғамдық жұмысқа қабылдау туралы» өкім қабылдаған.

Аталған өкім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы «Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №386 бұйрығының талаптарына сәйкестендірілуге жатады.

Яғни ауылдық округ әкімінің 24.02.2022 жылы №13-ө/нқ өкімі тақырыбы «қоғамдық жұмысқа қабылдау туралы» емес «қоғамдық жұмыстарға тарту» түріндегі сөздермен өзгертілуі тиіс.

Жеке құрам бойынша:

Жылы су ауылдық округі әкімі тарапынан жыл басынан бері  жеке құрам бойынша 28  өкім қабылдаған.

Мекеме қызметін қозғайтын құқықтық актілерді қабылдау барысында кейбір өкімдерде Қазақстан Республикасының заң талаптары сақталмағаны анықталды.

1) Ауылдық округ  әкімінің 14.01.2022 жылғы «С.С.Аликуловты кезекті еңбек демалысынан шақырту туралы» №02 өкімін қабылдаған.

Аталған өкім Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығы талаптарын бұза отырып рәсімделген.

Яғни ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметкер С.С.Аликуловтың жазбаша келісімінсіз және қызметтік жазба рәсімдемей қабылданғаны анықталды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауларын ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері арасында түсіндіру мен насихаттау аясында атқарылған жұмыстар жинақ папкасы талдау барысында анықталмады.

  Жоғарыда аталған Заң бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді құқыққа қайшы түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының 44-бабында лауазымдық міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау да тәртіптік теріс қылықтар деп танылады және тәртіптік жаза қолдануға алып келеді.

       

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі

талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы  

 

 

                                                                                     Е.Алданиязов

                                                                                     Н.Егізбаев

                                                                                     Б.Шералиев

                                                                                     С.Оразбаев

                                                                                     А.Алдабергенов

                                                                                     М.Жаппар

                                                                                    

 

Дата публикации
03 ноября 2022