Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кентінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

                                                                                                 Бірлескен қаулы және шешім жобасы

Түркістан облысы Жетісай ауданы

Асықата кентінің шекарасын өзгерту

және белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1,5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі мен Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетісай ауданының Асықата кентінің шекарасына Жетісай ауданы Ынтымақ ауылдық округінен ауылшаруашылығы және басқа мақсатындағы 336,13 гектар жерді қосу арқылы, Жетісай ауданы Асықата кентінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 700,07 гектар шекарасында белгіленсін.
  2. «Жетісай аудандық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен қаулы мен шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жетісай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен қаулы мен шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                         М.Қадырбек

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы:                                                                            А.Утанов

Дата публикации
10 октября 2022