Жетісай ауданының ауылшаруашылық тауар өндірушілері назарына!

  1. 2022 жылғы 4-7 қазан аралығында Гүлстан провинциясының 18-ші мамандандырылған Ауылшаруашылық машиналары, аспаптары, жабдықтары, ирригация және осыған қатысты салалар кермесі (AGRIGOL).
  2. 2022 жылғы 18-21 қазан аралығында Гүлстан халықаралық көрме кешенінде 20-шы мамандандырылған Мал және құс шаруашылығы, балық және су шаруашылығы, улар, тыңайтқыштар мен тұқымдар, бау-бақша және жылыжай құралдары және онымен байланысты өнеркәсіптердің көрмесі (GOLPOLEX).

Жоғарыда аталған салалар бойынша бизнес делегациясы жіберілген жағдайда, Қазақстанның 5 бизнес делегациясы үшін (жалпы саны 10 адам) қонақүйде тұру, Горган қаласындағы көрмеге барып келу тасымалы және көрмедегі экскурсия сиякты жеңілдіктер қарастырылады.

Осыған орай, аталған көрмелерге қатысуға қызығушылық танытылған жағдайда үйлестіру шаралары мен нақтырақ ақпарат алу үшін Ахмад Тани, тел: 87755993042, Парвиз Тани (қазақ тілді), тел: +989112700906 және +989903989901 ұялы телефоны аркылы немесе golestanfair@yahoo.com электрондық поштасы мен www.golestanfair.com сайты арқылы байланысуға болатындығын хабарлаймыз.

Дата публикации
09 августа 2022