2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 18

Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ., Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше;

Электрондық пошта мекенжайы: dkbuko@mail.ru;

Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78; 5-93-65;

Конкурс нысанасы: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (qoldau.kz) https://dkb.qoldau.kz/kz/dkb- info/help.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 2022 ж. «18» шілдесінен 2022 жылдың

«22» шілдесіне дейін;

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik-sauda сайтында танысуға болады.

Дата публикации
15 июля 2022