Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қаңтарда № 26403 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі |
А. Раимкулова |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
|
|
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) құрылыс қызметі (бұдан әрі – құрылыс) – жаңа объектiлер салу және (немесе) бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;
3) реконструкциялау – әдетте өзгеретін объектіні жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты жалпы жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе ғимаратты өзгерту;
4) туристік қызмет объектілері – табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер;
5) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) "Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19994 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша "Негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп" (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының көшірмелері;
5) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары.
1) кәсіпкерлік субъектісімен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынылуы;
2) осы Қағидалардың 3-тармағымен белгіленген мерзімдерді сақтамау.
ЖАО құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабарламамен кәсіпкерлік субъектісіне құжаттар топтамасын қайтаруды жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік субъектісіне құжаттардың толық болмауы себебі бойынша құжаттар пакеті қайтарылған жағдайда, хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.
Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген мерзімдерде өтінімді қайта береді.
Комиссия кемінде 7 (жеті) адамды қамтитын мүшелердің тақ санынан тұрады, олардың ішінен төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындауды комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Комиссия төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы ЖАО қызметкерлері қатарынан тағайындалады.
Комиссия құрамына "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері, бизнес өкілдері кіреді.
Құжаттар топтамасын қарау қорытындылары бойынша комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келген кезде шығындардың бір бөлігін өтеу туралы;
2) келіп түскен құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде шығындардың бір бөлігін өтеуден бас тарту туралы.
|
|
Туристік қызмет объектілерін |
|
|
кімнен |
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған өтінім
Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімді қарауды сұраймын.
Заңды тұлға үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) __________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
мекен-жайы және нақты орналасқан жері _________________________
телефон нөмірі _______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________
кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметтің басталғаны туралы
хабарламаның нөмірі ____________________________________________
жеке басты куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы ________________________________________
телефон нөмірі ________________________________________________.
сипаттамасы: _______________________________________________________.
құрылыстың құны (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасы және пайдалануға беру актісі бойынша
сараптаманың оң қорытындысына сәйкес) ________________________________
_____________________________________________________________________
қаржы қаражатының көзі:_______________________________________________
объектінің орналасқан жерінің мекенжайы:________________________________
шотының деректемелері: ______________________________________________.
субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес
өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1)_______________________________
2)_______________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын, оның ішінде банкрот болмағанымды,
"Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес банкроттық немесе тарату рәсіміне жатпайтынымды растаймын және
дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім
беремін. ________________________________________
(кәсіпкерлік субъектісі басшысының (өкілінің) қолы)
Мөрдің орны (бар болса)
Өтінім берілген күні: "____" __________ 20___ жыл
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК