ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

 

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

 

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымы) педагогтерін жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қарашада №25349 болып тіркелді) сәйкес конкурс арқылы жүргізіледі. Педагогтің бос орнына конкурс Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің (http://jetisai.edu.kz) интернет - ресурсында жарияланады (Ашық мекеме -­> Лауазымдық конкурстар).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығының 20-тармағына сәйкес техникалық, кәсіптік, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген тәжірибесі жоқ кандидаттар Ұлттық біліктілік тестілеуінен сәтті өткеннен кейін жұмысқа қабылданады.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін: Оқу пәнінің мазмұны-50%, Педагогика, оқыту әдістемесі-50%.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы бағыты бойынша: Мектепке дейінгі педагогика және психология-50%, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі-50%.

Аудандағы тестілеу орталығының филиалы «U-FUTURE» ЖШС-і Жетісай қаласы, М.Өзтүрік көшесі, №13 мекен-жайдағы Алпамыс батыр атындағы №8 жалпы орта мектебі базасында орналасқан.

Педагог лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген.

Олар: Оқу ісі, тәрбие жұмысы, бейіндік оқыту бойынша директор орынбасары; барлық пән мұғалімі; педагог-психолог; дефектолог-мұғалім; әлеуметтік педагог; аға вожатый, вожатый (тәлімгер); орта білім беру ұйымының оқу-өндірістік (оқу) шеберханасының меңгерушісі; бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы; қосымша білім беру педагогі; мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі; шағын орталық әдіскері, тәрбиешісі; балабақша әдіскері, тәрбиешісі, мұғалімі; қосымша білім беру ұйымының педагогі; музыка жетекшісі, т.с.с. педагог лауазымдар.

 

Ал басқа (педагог емес) бос лауазымдар jumys.snation.kz порталына жариялану тәртібімен жүргізіледі. Олар:

Балабақша бойынша: Меңгерушінің шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары, Шаруашылық меңгерушісі, Аула сыпырушы, Бас аспаз, Аспаз, Хатшы, Тәрбиешінің көмекшісі, Көмекші жұмысшы, Қоймашы, Кастелянша, Жұмысшы, Кір жуу, Күзетші, т.б.

Мектеп бойынша: Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары, Шаруашылық меңгерушісі, Кітапхана меңгерушісі, Кітапханашы, Жұмысшы, Еден жуушы, Күзетші, Бағбан, Вахтер, Электрик, Іс қағаздарын жүргізуші, Хатшы, Зертханашы (химия, биология, физика, информатика, арнайы жабдықталған кабинет), Киім ілуші, От жағушы, т.б.

Қосымша білім беру ұйымы бойынша: Шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасар, Шаруашылық меңгерушісі, Хатшы (іс қағаздарды жүргізуші), Жұмысшы, Жабдықтар жөніндегі техник, Күзетші, Вахтер, т.б.

Ескерту: Дәрігер, Медбике, Емдәмбике, Бухгалтер, Кіші медициналық қызметкер jumys.snation.kz порталына жарияланбайды.

 

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі

Дата публикации
18 мая 2022