«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы мен ҚР Орталық Референдум комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы №32/482 қаулысы негізінде Жетісай аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:
Жетісай аудандық аумақтық референдум
комиссиясының төрағасы Қ.Темірбеков
Жетісай аудандық аумақтық референдум
комиссиясының хатшысы Д.Сейдикеримова
Жетісай аудандық аумақтық референдум комиссиясының
2022 жылғы 6 мамырдағы шешімімен бекітілген
2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау
|
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей
|
|
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей
|
|
3. Республикалық референдум алдындағы үгіт
|
|
|
|
референдум тағайындалғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 4 маусымда сағат нөл сағатта аяқталады
|
|
4. Акт бойынша учаскелiк референдум комиссиясына әрбiр учаске бойынша аудан әкiмі қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей
|
|
5. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған референдум учаскелері бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей
|
|
6. Жекелеген референдум учаскелерiнде дауыс берудiң басталуы мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi сайлаушыларға жеткiзу
|
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы Дауыс беру күніне дейінгі 10 күннен кешіктірмей 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей
|
|
7. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс беру күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей (26–б. 1–т.)
|
|
8. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін жеткізу |
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы Референдум өткізуге жеті күн қалғанда 2022 жылғы 28 мамырдан кешіктірмей (27-б. 5-б.)
|
|
9. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленсе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де дауыс беру басталады
|
|
10. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Басқа дауыс беру уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін
|
|
11. Референдум учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Дауыс берудің аяқталуына басқаша уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады . Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс
|
|
12. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жұртшылықпен танысу үшiн арнайы бөлiнген жерде орналастыру
|
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу
|
|
13. Референдум учаскесiнде дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы аумақтық референдум комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік референдум комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу
|
|
14. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның қорытындыларын шығару |
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде
(22-б. 1-т.(7-тт.)
|
|
15. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы облыстық референдум комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде.
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.