|
№ |
Аты-жөні |
Мекенжайы, қызметі |
Мәселесі |
Жауапты орындаушы |
Бүгінгі таңда орындалуы |
|
1 |
Исаев Әбдіғаппар |
Жаңа ауыл а/о, Ынтымақ е/м, Әль-Фараби көшесі №111 Зейнеткер |
1. Елді мекенінің ауыз су мәселесі. 2. Көшелердегі электр желілерінің сымдарын ауыстыру. 3. Елді мекендегі көшелерді жөндеуден өткізу. 4. Елді мекенге мәдениет үй салу.
|
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 3. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты |
1. Ынтымақ елді мекені сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 02.11.2021ж. №19-0433/21 қорытындысы алынған. Аталған жұмыс жобасының құрылысына бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылған. 2. Ынтымақ елді мекеніндегі жаңадан, түскен көшелерге электр желілерін және КТП орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, "Архитекторлар тобы" ЖШС-гі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Аталған жобаға сараптама қорытынды алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады. 3. Ынтымақ елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 410 метрді құрайтын Достық, Алакөл, Баян сұлу көшелеріне ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалынып, қажетті қаржы көлемі анықталған. Жалпы құны 3 084 мың теңгені құрайды. Осыған орай, алдағы уақытта өткізілетін аудандық бюджеттік комиссияның кезекті отырысына қаржыландыруға ұсыныс жолданады. 4. Ынтымақ ауылының тұрғындарына Атақоныс ауылдық мәдениет үйі мен Мырзашөл ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері мәдени қызмет көрсетуге толық мүмкіндігі бар. Елді мекенге мәдениет ошағын салудың орнына, елді мекен аумағынан бос ғимарат қарастырып мәдени ұйымдастырушы қызметкермен қамтамасыз ету тиімді. Қазіргі таңда бос ғимарат іздестірілуде. 1 мәдени ұйымдастырушы қызметкермен және 1 кітапханашымен қамтамасыз ету мүмкіндіктері қарастырылуда. |
|
2 |
Айнабеков Жахангир |
Жаңа ауыл а/о, Ынтымақ е/м, Астана көшесі №66 Жетісай қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары |
1. Елді мекеннің көшелерін жарықтандыру. 2. Елді мекенге футбол алаңшасын салу. |
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 3. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты . |
1. Ынтымақ елді мекеніндегі 1-ші кезекте Шойын, Астана көшелерін жарықтандыру жұмыстарына сметалық құжаттамалары жасалынған. Жалпы құны 9,6 млн теңгені құрайды. Алдағы уақытта аудандық бюджеттік комиссияға қаржыландыруға ұсыныс енгізілетін болады. 2. Ынтымақ елді мекенінде спорт алаңшасын салуға жер телімдері қарастырылуда. Қазіргі таңда, Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі арасында арнайы меморандум түзілген. Аудан аумағындағы әрбір мектеп жанындағы спорт залдарға кешкі сағат 19:00-21:00 аралығында жергілікті тұрғындардың арнайы талаптарды сақтай отырып спортпен шұғылдануға толық мүмкіндіктер қаралған. |
|
3 |
Төреханов Берікбай
|
Жаңа ауыл а/о, Ынтымақ е/м, Бейбарыс көшесі №106 Ш/Қ төрағасы
|
1. К-21-04 каналын механикалық тазалаудан өткізу
|
1. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі 2. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты |
1."Қазсушар" РМК 04.03.2022-ғы №18-17-31/252 шығыс хатына сәйкес Жаңа ауыл ауылдық округі аумағындағы К-21-04 лотокты каналының кейбір жерлерінің тозығы жетуінен жарамсыз күйде болған 7 дана лоток ауыстырылып қойылған. Ал, қалған жерлерін алдағы мерзімдерде жобаға енгізумен қаражат бөлдіру арқылы жүргізу қарастырылады.
|
|
4 |
Шамсиев Мирзо |
Жаңа ауыл а/о, Атақоныс е/м, Думан көшесі №22 Зейнеткер |
1. Елді мекендегі су құбырларын жаңарту. 2. Елді мекендегі электр желілерін жаңарту. 3. Елді мекендегі көшелерді жөндеу. |
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты
|
1. Атақоныс елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың 02.11.2021ж. №19-0433/21 қорытындысы алынған. Аталған жұмыс жобасының құрылысына бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсынылған. 2. Атақоныс, елді мекенінде жаңадан түскен көшелерге электр желілерін және КТП орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, "Архитекторлар тобы" ЖШС-гі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Аталған жобаға сараптама қорытынды алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлдіруге ұсынылатын болады. 3. Атақоныс е/м ұзындығы 1700 метрді құрайтын Думан көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаты жасалынып, аудандық бюджеттік комиссияға қаржыландыруға ұсынылатын болады. Құны 37 013 мың теңгені құрайды. 2022 жылы Жаңа ауыл а/о бойынша Қарой е/м Алатау және Жаңа ауыл е/м Қазығұрт көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. |
|
5 |
Ауданов Рустем |
Жаңа ауыл а/о, Жаңа ауыл е/м, Достан көшесі №27 Зейнеткер |
1. Жаңа ауыл елді мекеніндегі Шаханов көшесін жөндеу 2. Жаңа ауыл елді мекенінде орналасқан балабақшадағы жұмысшыларға айлық төлеу |
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2. Адами әлеуетті дамыту бөлімі 3. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты |
1. Жаңа ауыл елді мекеніндегі ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын Шаханов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттамасы жасалынған. Жалпы құны 39,1 млн теңгені құрайды. 2022 жылы Жаңа ауыл е/м ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын Қазығұрт көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. 2. Бүгінгі таңда ауылдық округтегі балабақшаларға 2022 жылдың қаңтар.ақпан,наурыз айларына бөлінетін қаражат толығымен бала санына қарай аударылған. Балабақшалардың есепшілері өздерінде болғандықтан айлық жалақыны жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы келісім шарт бойынша беріледі. |
|
6 |
Қасымбеков Әлімжан |
Жаңа ауыл а/о, Әбдіхалық е/м, Манап көшесі №71 Ш/Қ төрағасы |
1. Көшелерге жарықшамдар орнату 2. Табиғи газ кіргізу мәселелерін көтерді 3. Елді мекенге спорт алаңшасын салу 4. Әбдіхалық елді мекеніндегі ағын су науасын (лоток) жөндеу 5. Б.Майлин ЖОМ күрделі жөндеуден өткізу |
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 3. Адами әлеуетті дамыту бөлімі 4. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты |
1. Әбдіхалық е/м ішкі көшелерді жарықтандыру мақсатында сметалық құжаттамалары жасақталуда. Қажетті қаржы көлемі анықталғаннан соң, кезең-кезеңімен аудандық бюджеттік комиссияға қаржыландыруға ұсынылатын болады. 2. Әбдіхалық елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың 10.11.2021ж. №AEG-0033/21 оң қорытындысы алынған. Аталған жұмыс жобасының құрылысына бюджеттен қаржы бөлдіруге облыстық салалық басқармаға ұсынылғандығын хабарлаймын. 3. Бүгінгі таңда, Әбдіхалық елді мекенінде спорт алаңшасын салуға жер телімі жоқ. Алайда, аталған елді мекеннің шекарасын кеңейту жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Елді мекен шекарасы кеңейтілген жағдайда спорт алаңшасын салуға жер телімі қарастырылатын болады. 4. "Қазсушар" РМК 04.03.2022-ғы № 18-17-31/252 шығыс хатына сәйкес, Жаңа ауыл ауылдық округі аумағындағы К-21-04 лотокты каналының кейбір жерлерінің тозығы жетуінен жарамсыз күйде болған 7 дана лоток ауыстырылып қойылған. Ал, қалған жерлерін алдағы мерзімдерде жобаға енгізумен қаражат бөлдіру арқылы жүргізу қарастырылады. Оған қоса, К-21-06 ішкі су жүйесінің су өткізу қабілетін артыруда 2019 жылы 5,7 шақырымы механикалық тазалаудан өткізілген. Каналдардың су өткізу қабілетін артырудағы механикалық тазалауды қажет ететін тізіміне енгізуге жұмыстар жүргізіледі деп мәлімдеуде. 5. Әбдіхалық ауылы, Манап көшесі бойында орналасқан Б.Майлин атындағы №21 жалпы орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылы 139,8 млн теңгеге жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 15.08.2018 жылы №ЮКПЭ-0194/18 қорытынды алынған. Бүгінгі таңда жобалық сметалық құжатқа мерзімі өтіп кетуіне байланысты қайта өңдеу (корректировка) жұмыстары жүргізілуде.
|
|
7 |
Дүйсембиев Сәмбет
|
Жаңа ауыл а/о Қарой е/м Бурабай №20 Зейнеткер
|
1. Қарой елді мекеніне ФАП салу
|
1. Жетісай аудандық орталық ауруханасы 2. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты
|
1. «Қарой» ФАП құрылыс жұмыстары жүргізуге қажетті ЖСҚ құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға өткізілген. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы бөлуге республикалық бюджетке ұсынылған.
|
|
8 |
Шынтілеуова Нұржамал
|
Жетісай қаласының тұрғыны. Атақоныс мәдениет үйінің директоры
|
1. Атақоныс мәдениет үйін күрделу жөндеуден өткізу. 2. Атақоныс мәдениет үйінің ауласына спорт алаңшасын салу.
|
1. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2. Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты |
1. Атақоныс ауылдық мәдениет үйін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі назарға алынып, ақау актісін түзу жұмыстары қолға алынған. Алдағы уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылатын болады. 2. Қазіргі таңда Атақоныс ауылында Жәми ЖОМ-қарама қарсы бетте спорт алаңшасы бар және ауыл тұрғындары спортпен шұғылдануға толық мүмкүндіктері қарастырылған. Мәдениет үйінің ауласынан спорт алаңша салу мәселесі заң аясында қарастырылуда.
|